АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президенттік шырша! Балалар! Шынайылық! Мейірімділік!Жеделдік! Барлық жаңа нәрселерге ашық болу және тірі қиял! Біздің болашағымыз!

26.12.2023
💥 Балалар! Шынайылық! Мейірімділік! Барлық жаңашылдыққа ашықтық, шексіз және жарқын ой иелері! Бала - біздің болашағымыз!
💐 Мерекеде мемлекет басшысының атынан ертегі әлеміне шын сенетіндерге, балғын балаларымызға, қуаныш пен шаттық сыйлау мүмкіндігінен Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі де қалыс қалмады.
🌲Бүгін балаларға арналған мультфильмдердегі суперқаһармандардың қатысуымен түрлі-түсті шоу-қойылым мен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
❄️Президенттік шыршаның кішкентай қонақтары Аяз Ата мен Ақшақар, сондай-ақ алдағы жылдың символы – айдаһармен көңіл көтерді.
🌍ЖТК-К инженерлік-педагогикалық ұжымы және студенттер балаларға ұмытылмас эмоциялар, жарқын көңіл-күй сыйлап, оқушылар үшін ерте кәсіптік бағдарлаудың бастауы ретінде заманауи, инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, "Шеберлер қаласын" ұйымдастырды.
⚡Ұжым оқушылардың мамандықтар әлемі жайлы түсініктерін нақты қалыптастыру үшін болашақ мамандық туралы білімдерін толық қолжетімді етіп ұсынды: балалар роботтарды өз бетінше басқарып, қуанышқа бөленді, VR көзілдіріктерінің көмегімен "виртуалды кеңістікте" болды, өндірістік оқыту шеберлерінің бақылауымен сымнан конструкциялар жасады, өздеріне сыйлық ретінде ағаштан жасалған конструкцияларды жинады және салпыншақтарды күйдірді. Ал қыздар сұлулық әлемінде өз армандарын орындай алды.
Әрқашан да тосын сый мен мерекелік көңіл-күй есте қалады!
Бір-біріңізге қуаныш сыйлаңыздар!
Просмотров: 1599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст