АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Профессор Джузеппе Ло Папамен кездесу, Палермо Университеті, Италия

31.10.2023

📌30 қазан күні Палермо университетінің профессоры (Палермо университеті, Италия) Джузеппе Ло Папа (Prof. Giuseppe Lo Papa, PhD), Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде қонақта болды. ЖТК-К Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін үздік колледждерінің ондығына кірген беделді, көпсалалы, инновациялық оқу орны. Болашақ жұмысшы мамандықтары және қолданбалы бакалавриат мамандары үшін қажетті дағдыларды дайын өнім шығару негізінде игеруге 40-тан астам оқу-өндірістік шеберханалар мен оның ішінде жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған құзыреттілік орталықтарында өндірістік оқыту өткізіледі. Колледждің атқарлып жатқан жұмысымен колледж жетекшісі Ақнұр Қабиденқызы Еслямова таныстырып, қонаққа естелік сыйлықтар сыйлады. Аталған оқу орнынынң «Пайдалы қазбаларды өңдеу» мамандығының 3 және 4 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды, кездесу барысында профессор студенттерге мамандықтың әлемдегі индустриядағы маңызды ролін атап өтті. Кездесу барысында профессорға колледждің барлық құзыреттілік орталықтары бойынша экскурсия өткізілді.

Просмотров: 1964


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст