АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Студенттерге арнау!

13.10.2023

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде ең жарқын оқиға – Студенттерге арналған іс-шара өтті. Бұл әр студенттің өміріндегі ең жарқын және ұмытылмас кезеңдегі ерекше тарихи бастамасы ретінде бастау алатын жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара,  сондай-ақ әрбір бірінші курс студенті осы сәтті ерекше сезіммен құштарлана күтеді. Өйткені, Студенттерге арнау-бұл жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге толы бірінші курс студентінің өміріндегі маңызды және қызықты сәті.
Колледж басшысы Акнур Кабиденовна Еслямова бірінші курс студенттерін өздері үшін осындай маңызды мерекемен құттықтап, игі істерге апаратын тілек сөздерімен, оларға сәттілік, жақсы оқу, кәсіби табыс тіледі. Олардың барлық ұмтылыстарын жүзеге асыруда қолдау көсететіндерін айтты, колледждегі өмір қызықты әрі мазмұнды болатынына сенім білдірді, болашақта олар қандай адам болатыны, қалай жұмыс істейтіндері тек олардың өздеріне ғана байланысты екенін ескертті. 
Колледж әкімшілігінен барлық студенттерге тәтті сыйлықтар табысталды.
Әскери-патриоттық , шығармашылық, спорттық іс-шараларға белсенді қатысқан, колледж жеңістерінің қоржынына жетістіктер әкелген студенттер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Мереке жарқын және көңілді өтті.   Сегіз бөлімнің бірінші курс студенттері өз мамандықтарын қызықты түрде ұсынуға тырысты, олар басқа топтардан ерекшелендіретін бейнелерін көрсетті және студенттік отбасының толыққанды мүшесі болу үшін сынақтан өтті.
Жалынды нөмірлер көрермендерді баурап алды, кері байланыста болды – бір-біріне жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлады!
Колледж түлегі, шоумен, блогер Даулет Абылкасымов бірінші курс студенттерінің алдында құттықтау сөз сөйледі. 
 Іс –шара соңында балалар, үлкен және тату отбасының толыққанды мүшелері , біртұтас бөлігі - Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері болатындығына ант берді.
Құрметті бірінші курс студенттері - сендерге сәттілік! Жаңа жеңістер, жаңа шығармашылық жетістіктер және бақытты студенттік жылдар тілейміз!

Просмотров: 1603


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст