АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мұғалімдер күні"мерекесіне арналған салтанатты іс-шара

09.10.2023
💐2023 жылғы 5 қазанда Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж" МКҚК-да "Мұғалімдер күні"мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Колледж басшысы «Құрмет» орденінің иегері Ақнұр Қабиденқызы Еслямова инженерлік-педагогикалық ұжымды құттықтап, 131 педагогке өзінің педагогикалық қызметіне елеулі үлес қосқаны және адал көзқарасы үшін алғыс хаттар табыс етті. "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес педагогтерді ақшалай баламада көтермеледі.
💐"Құрметті әріптестер, құрметті оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері! Жоғары білікті кадрларды даярлаудағы жемісті ынтымақтастығы үшін, шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі таңда студенттерді практикалық даярлау нақты өндіріс жағдайында дайын өнім шығаруға негізделеді, бұл Қазақстан экономикасының қызмет көрсету нарығының қажеттіліктеріне жауап береді.
💐 Колледждің құзырет орталықтарында ауыл шаруашылығы, машина жасау және құрылыс салаларына арналған төсеніштер мен тротуар плиткаларын, корпустық және жұмсақ жиһаздарды, жиынтықтаушы бөлшектерді өндіру жолға қойылған. Біздің студенттер Ақмола облысының кәсіпорындарының тапсырысы бойынша 200-ден астам өнім шығарады.
💐 Біздің колледж халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытуда. Оңтүстік Корея мемлекетінің Woosong университеті және "GlobalСАПА" халықаралық білім беру орталығымен тығыз ынтымақтастық студентерде "soft skills" тәжірбиесі арқылы көшбасшылық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық секілді дағдылардың қалыптасуына септігін тигізді. Үш айлық курсты аяқтағаннан кейін, 150-ден астам колледж студенттері Оңтүстік Кореяның колледждері мен университеттеріне жақсы преференциялы сертификаттар мен оқуға шақыртулар алды.
Ағымдағы оқу жылында колледждің "электромобильдерді диагностикалау және қызмет көрсету" жаңа зертханалық кешенінде корей, жапон және Қытай өндірісіндегі гибридті автомобильдер мен электромобильдерді диагностикалау және қызмет көрсету бойынша мамандар даярлау басталды.
WorldSkills халықаралық қозғалысында біздің студенттер халықаралық, республикалық чемпионаттарының жүлдегерлері бола отырып, кәсіби шеберлік деңгейін белсенді көрсете білді. Жас мамандардың жетістіктерінің қоржынында 39 медаль бар, оның ішінде 20 алтын, ал біздің колледждің төрт педагогы WorldSkills қозғалысының халықаралық сарапшылары болып табылады.
💐 Қадіменді ұстаздар! Сіздер жас ұрпаққа құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігін шыңдауда өз тәжірибеңізбен бөлісесіздер. Күн сайын жоғары білікті мамандардың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеуге күш саласыздар. Сіздердің қажырлы және нәтижелі жұмыстарыңыздың арқасында қоғамда жұмысшы мамандықтарының беделі мен кәсіби шеберлігік дағдыларын мойындау артып келеді. Қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби шеберлігіңіз үшін алғыс білдіреміз!
Баршаңызға сарқылмас қуат, шығармашылық шабыт және талантты студенттер болуын тілеймін!"
Осындай мотивациялық сөздермен колледж басшысы өз сөзін аяқтады.
Просмотров: 926


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст