АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты Республикалық педагогтер съезі

09.10.2023
🔵Ұстаздар күніне орай 4-5 қазанда Астана қаласында өткен «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты Республикалық педагогтер съезіне Ақмола облысынан делегат ретінде Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің оқытушысы, басшының кәсіптік оқу жөніндегі орынбасары Ибраев Нартай Ерназарұлы қатысты. Нартай Ерназарұлы "Шанақты жөндеу" құзыреттілігі бойынша WorldSkills кәсіптік шеберлік чемпионатының халықаралық сарапшысы, "педагог-зерттеуші" біліктілік санатының иегері.
🔵Бүгін өзі еңбек етіп жүрген колледжді үздік аяқтап, өндірістік оқыту шеберінен өтіп, техникалық колледж оқытушысы, одан кейін басшының орынбасары қызметін атқаруда. Нартай Ерназарұлының қатысуымен Көкшетау Жоғары техникалық колледжінде көптеген жобалар іске асырылуда.
Нартай Ерназарұлына шығармашылық табыс, еңбегінің жоғары нәтижелерін көруіне тілектеспіз.
 
Просмотров: 918


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст