АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Участие в Олимпиаде

27.02.2020

Студенттердің әр түрлі байқауларға қатысуынан қандай пайдасы бар?! Қазіргі қоғам адамнан өзіне жүктелген міндеттерді орындауды ғана емес, сонымен қатар стандартты емес жағдайларда тиімді әрекет етуді, өмір бойы үйренуді талап етеді. Біріншіден, бұл жауапкершілік, тәуелсіздік және таңдалған мамандыққа деген сенім! Студенттер кәсіби шеберлікке ие болып, бәсекеге қабілеттілік сезімі артады. Түрлі байқаулар студенттерге өз әлеуетін ашуға және сенімділікке жетуге тамаша мүмкіндік болып табылады. Осылайша, студенттердің оқуға деген қызығушылықтары арттып, болашақ мамандығының мәнін толық түсінеді.

Сонымен қатар, олимпиада студенттердің білім деңгейлерін салыстырып, білімдегі олқылықтарды анықтаудың тамаша мүмкіндігі болып табылады. Жалпы, студенттік олимпиадалар болашақ мамандарды дайындауды жетілдіреді. «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК студенттері 1С студенттік сайыстарға (1С бағдарламалау бойынша Халықаралық олимпиада және 1С: Бухгалтерия-2020 Халықаралық конкурсы (Нұр-Сұлтан қ.), онда біздің студенттер жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Барлық студенттер дипломдармен марапатталып, қорытынды турға шақырылады. «1 С -Батыр» және даму жөніндегі директор Наталья Разумовскаяға олимпиадаға қатысу мүмкіндігі үшін, бірлескен жұмыс үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастық күтеміз!

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст