АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Барлығы махаббаттан басталады...

14.02.2020

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде қазақ тілі пәнінің оқытушылары Есентурова Бақыт Саттыбалдықызы мен Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызының ұйымдастыруымен  колледж студенттері арасында өзін- өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне арналған «Барлығы махаббаттан басталады» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты-  поэзия арқылы жастардың  жүрегінде өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сайыс «Туған жерім- тал бесігім», «Әлемнің жарығын сыйлаған Анашым», «Махаббатым жүрегімде», «Өлеңім- өрнегім» деп бірнеше бөлімдерімен аталды.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
-деп Абай атамыз жырлағандай, өзі салған өрнекті өлең үлгісімен   шығармашылықпен айналысатын студенттер: Ахметқұл Ақбота, Есім Толқын өлең шумақтарын ортаға салды. Сонымен қатар, биылғы жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Абай атамыздың өз елін,  туған топырағын, халқын сүйіп, махаббат, қасиетті  сезімді білдірген тамаша туындылары да ерекше орындалды. Сайыс қорытындысы бойынша  белсене қатысқан студенттер дипломмен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары: Есентурова Б.С., Сейлбекова С.Ж.

 

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст