АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтарды жұмысқа қабылдау

20.06.2023

Барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға білім беру ұйымы конкурс өткізеді. Педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурс және нақты, өлшенетін критерийлер арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы регламенттеледі. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда № 7495 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда № 5750 болып тіркелді

Конкурсқа біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін педагогтар қатыса алады. Жұмысқа орналасу кезінде үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініш беруі керек. Өтініш беруші бірден өзінің бағалау парағын қоса береді, онда барлық жетістіктер, нәтижелер, еңбек өтілі, әкімшілік немесе әдістемелік қызмет тәжірибесі, курстық дайындық және т.б. әрбір бағыт бойынша үміткер өз ұпайларын белгіленген критерийлер мен осы критерийлерді бағалау шкаласына сәйкес дербес қояды. Конкурстық комиссия өтініш берушінің өзі қойған балдардың растайтын құжаттарға сәйкестігін тексереді және одан кейін балдардың соңғы сомасын бекітеді. Нәтижесінде бос орынды көп ұпай жинаған үміткер алады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидалары" бұйрығына қосымшаның 107-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам. хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Ал Қағидалардың 109-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Мустафина Д.А., кадрлар бөлімінің меңгерушісі

Просмотров: 929


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст