АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ВТК агротехникалық бөлімшесінде Ашық есік күні-Бозайғыр ауылында

14.06.2023

2023 жылдың 10 маусымында Бозайғыр ауылындағы Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің Агротехникалық бөлімшесінде Шортанды, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласының  мектеп түлектері мен ата-аналарына, мектеп директорлары мен білім бөлімдерінің басшылары үшін, «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.

Аталмыш іс-шара аясында елорда аймағы мектептерінен келген қонақтар, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевичпен, колледж басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызымен кездесіп, Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің мамандықтары мен біліктіліктері бойынша, тегін оқуға түсу бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Валерий Георгиевич Гамазов өзінің құттықтау сөзінде «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасының негізгі бағыттарына назар аударды. Сонымен қатар 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап шәкіртақының 50% - ға ( 31 мың теңге) және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап -42 мың теңгеге жоғарылайтынын  айта отырып, осы колледжде қолданбалы бакалавриат даярлау және тегін  кәсіптік білім алу мәселесіне толығырақ тоқталып өтті.

"... Колледж студенттерінің оқу мерзімі қысқартылған заманауи модульдік білім беру бағдарламалары бойынша жұмысшы біліктілігінен бастап, орта буын маманы ( техниктер, технологтар) және қолданбалы бакалавр ( инженерлер), 2-3 деңгейлі тәжірибеге бағдарланған даярлық бойынша білім алу мүмкіндігі бар. Облыстың ТжКБ үшін мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде (6800 орыннан астам) машина жасау, көлік, ТКШ, құрылыс, ауыл шаруашылығы, педагогика, медицина, сервис, ТЖ, IT технологиялар және т. б. салалардың неғұрлым талап етілетін бағыттары зерттелді. Қазіргі жағдайда 9-сынып түлектеріне тегін мамандық алуға, тәжірбиеден өтуге және облыстың ірі кәсіпорындарында  еңбек өтілі есептеле отырып, қызмет жасауға мүмкіндік беріледі. Облыс колледждерінде "Жас Маман" мемлекеттік бағдарламасы аясында оқу-өндірістік шеберханалар , оқу шаруашылықтары мен зертханалар түбегейлі жаңғыртылды. Қазіргі уақытта заманауи білдектерді, роботты жабдықтарды, жартылай автоматтарды және биіктік құралдарын  басқару  студенттерден IT құзыреттіліктерді игеруді талап етеді".

 Колледж басшысы Ақнұр Қабиденқызы Еслямова сапалы, тегін кәсіптік білім беру бойынша білім мекемесінің оқу-өндірістік қызметімен таныстырды.

"... Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі ағымдағы жылы жаңа мамандықтардың ең үлкен спектрі бойынша іріктеуді жүзеге асырады: құрылыстағы сметалық іс, интерьер дизайны, есеп және аудит (мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер біліктілігі), технологиялық үрдістерді автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, жиһаз өндірісі, машина жасау технологиясы (түрлері бойынша), техникалық қызмет көрсету, электромеханикалық жабдықты жөндеу және пайдалану (түрлері мен салалары бойынша), автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану ( электромобильдердің техник-механигі), сандық бағдарлама арқылы басқарылатын білдектерде токарлық және фрезерлік жұмыстар және тағы басқалары. Колледжде жақын және алыс шет елдердің жетекші техникалық оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Студенттер «WOOSONG University» Оңтүстік Корея білім беру қорының , SolBridge Жоғары бизнес мектебінің профессорлары өткізетін тренингтер, арнайы курстарды тыңдайды,қосымша skills-терді оқи алады.  Һard Skills студенттерді қаржылық сауаттылық, көшбасшылық және кәсіпкерлік қызметтің негіздері бойынша дайындайды.

Дуальді оқыту туралы шарт шеңберінде (студент-кәсіпорын - " Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж" МКҚК), ЖТК студенттері Ақмола облысының кәсіпорындарында, оқу-өндірістік шеберханаларында, колледж құзыреті орталықтарында 3 деңгейден тұратын мамандарды кәсіптік даярлаудың көп деңгейлі моделін іске асыра отырып, тәжірбиеден өтеді. Осылайша, 2022-2023 оқу жылына арналған дуальды оқытуды қамту 620 студентті құрады: "Тыныс" АҚ, "Степногорск" БЖК АҚ, "KAZHYDRO" ЖШС, "Диас тігін фабрикасы" ЖШС, "КАМАЗ Автосервис орталығы" ЖШС, "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, "РегионСтрой" ЖШС", "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС, "Промтехмонтаж" АҚ КФ, "TRUCK service KAZAKHSTAN" ЖШС –і секілді кәсіпорындарды атауға болады.

 Қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасына жоғары баға беріп, студенттердің оқу үрдісі дайын өнім шығаруда  жоғары кәсіби тәжірбиеге бағытталғанын атап өтті, бұған қоса оқу кезінде жалақы мен еңбек өтілін алуға мүмкіндік беретіні де тілге тиек етілді.

 

Колледж студенттерінің WorldSkills өңірлік, республикалық, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуы бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауда маңызды және нәтижелі болып табылады, халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби шеберлікті шыңдауға кең мүмкіндіктер ашады.

ЖТК  студенттері кәсіби дағдылардан басқа, заманауи маманға қажет SoftSkills, HardSkills алу мүмкіндігіне ие: командада жұмыс істеу, бизнесті дамыту үшін басым мақсаттарды шешу кезінде жауапкершілік алу, бизнес идеяларды құру, Start Up жобалар т.б.

 

         Бозайғыр ауылының Агротехникалық бөлімшесінде  корпустық және жұмсақ жиһаз шығару, электр-газ және аргон дәнекерлеу, автокөлік сервисін көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру және кондитерлік өндіріс бойынша жаңадан ашылған шеберханалар жеке ұсынылды.

Аталмыш оқу орнының базасында кент тұрғындары тапшы болған шаштараз қызметтері мен тырнақ сервисін көрсету салоны өз есігін айқара ашты.

           

                  Колледждің алдағы 2023-2026 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына сәйкес жыл бойы жылыжай (2000 шаршы метр) қондырғысын, ұн тарту және макарон өнімдерін өндіретін шағын кәсіпорынды, көкөніс өсіретін өнеркәсіптік жылыжайды, кондитерлік цехты, наубайхананы, консервіленген көкөністерді шығаратын шағын кәсіпорынды ашу бойынша оптимистік болжамдар береді; ветеринарлық аурухана және үй жануарларына арналған қонақ үйлер салуды да көздейді.

ТАЛАПКЕРЛЕРДІ  «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжіне» ТҮСУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ШАҚЫРАМЫЗ!

Просмотров: 286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст