Көкшетау жоғары техникалық колледжінде 2020 жылдың 30-31 қаңтар аралығында оқытушыларды ынталандыруға бағытталған «Үздік шебер ұстаз - 2020» байқауы өтті.
Арнайы пәндер оқытушылары қатысқан кәсіби байқау педагогикалық идеяларды таратуға мүмкіндік беретін және олардың біліктілігін арттырудың тиімді нысаны болды. Байқау барысында сайыскерлердің жеке және кәсіби қасиеттері, кәсіби деңгейі байқалды. Кәсіби конкурстар - бұл үздік оқытушылар үшін маңызды шығармашылық сынақтар ғана емес, жаңа әдістері мен тәсілдерін тәжірибеге кеңінен енгізуге ықпал етеді.
Сарапшы тобы құрамының шешімі бойынша «Үздік шебер ұстаз – 2020» байқауының Гран-при иегері арнайы пәндер оқытушысы Абдыгапаров Асет Мерекеұлына 30 000 мың теңгенің сертификаты табысталды, І орын иегері – арнайы пәндер оқытушысы Ашимов Дәурен Әділханұлына 20 000 теңге, ІІ орын иегері арнайы пәндер оқытушысы Молдахметов Нұрдаулет Ерболатұлына 15 000 теңге, ІІІ орын иегері арнайы пәндер оқытушысы Абишева Ғалия Серікқызына 10 000 теңгенің сертификаты табысталып және де байқауға қатысып, белсенділік танытқаны үшін: Булхаирова А.К. «Шығармашылық және педагогикалық ізденіс» номинациясымен, Никитина М.В., «Қиял мен шығармашылық» номинациясы, Жаканов К.Е. «Мамандыққа берілгендігі үшін» номинациясымен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын құрметті оқытушылар!