АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТӘЖІРИБЕ,ИДЕЯ, ЖОБА

01.02.2020

WorldSkills - бұл жарыс, бұл қозғалыс, бұл бәсекелестік. WorldSkills-ті сипаттау үшін көптеген синонимдер келтіруге болады.  Бірақ ең бастысы – бұл - ТӘЖІРИБЕ, бұл - ЖАСАМПАЗ, бұл - ИДЕЯЛАР, бұл жоба, бұл ...

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК  30-31 қаңтар күндері колледж қарамағында WorklSkills байқауы өтті. Студенттер «Мехатроника», «Дәнекерлеу жұмыстары», «Мобильді робототехника», «Сән технологиялары», «Графикалық дизайн», «Шаштараз өнері» құзырлықтары бойынша модульдерді енгізу жұмыстарын аса үлкен жауапкершілікпен орындады. Қатысушылар өз мамандықтары бойынша бірінші болуға, өз дағдылары мен қабілеттерін қолдануға, тек колледж ішінде ғана емес, сонымен қатар облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілік сезімін сезінуге ынталы. Сондықтан қазіргі уақытта колледждің атынан ары қарай қатысу үшін ең жақсы студенттерді таңдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Әр құзырлықтар үшін тәлімгер-оқытушылар жеңімпаздарды таңдайды. Әр жеңімпаз бұл жеңістің мәресі емес екенін, олар бұдан әрі жаңа жетістіктерге, өз кәсібінің үздік атағы жеңіп алу үшін жаңа күреске тап болатынын толықтай түсінеді!

 

Просмотров: 283


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст