15.05.2023

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің әдістемелік кабинеті ТжКБ ұйымдарының әдістемелік кабинеттерінің облыстық байқау-конкурсында үздік деп танылды.

Бұл іс-шараның мақсаты-әдістемелік кабинеттердің қызметін жандандыру, үздік тәжірибені анықтау және тарату. Байқау үш жылда бір рет өткізіледі.

Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің пән/ модуль, өзін-өзі тәрбиелеу және педагогикалық шеберлікті жетілдіру бойынша шығармашылық жұмыстары көрсетілді, колледжде жинақталған ғылыми-әдістемелік жұмыс тәжірибесін жинақтауға талдау жасалды. Кәсіби өсу үшін жағдай жасауға бағытталған білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал ететін оқытушылық шеберлікті, ОЖБ біліктілік санаттарын және кәсіби құзыреттіліктерді арттыру динамикасын ұсынды. Сондай-ақ педагогтердің шығармашылық әлеуетінің нәтижелері, әрбір педагогтың электрондық форматтағы құрылымдық деректерінің реттелген жиынтығы таныстырылды.

Ақмола облысының әдістемелік орталығына осы конкурсты ұйымдастырғаны және әдістемелік жұмысты бағалағаны үшін алғыс айтамыз!