АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сән көрінісіне дейін

23.01.2020

Кез-келген зат, өзін таңдаған адамды тапқанша, нобайынан сән көрсетуге дейін аралықты өтеді. Бұл зат- бірақ ұстаздар үшін болашақ тігіншіні дайындау барысында мамандығына деген сүйіспеншілікті арттыру, өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп, дамыту аса маңызды.

Мамандықты меңгерген түлек, тігу ісінде ең қарапайым іскерлікті қолданып қана қоймай, жұмысына шығармашылықпен қарай білуге дағдыландыру қажет.

Әрбір ұстаз бар білімін, тәжірибесін, іскерлігін оқушыға бере отырып, мыңнын ішінен ең болмаса бірін Армани, Юдашкин тәрізді майталман қылып тәрбиелеп шығаруды армандайды.

Аталған мақсаттар Көкшетау қаласының Жоғарғы техникалық колледжінің сервис бөлімшесінің оқытушыларынының алға қойған бағыты болып табылады.

Олар осы мақсатта тәжірибелік сабақтарда классикалық әдістермен қоса алдыңғы қатарлы технологияларды да кеңінен қолданады.

Оқытудың модульдік әдістерін, «Диас» ЖШС –мен келісім шарт негізінде, дуалді оқыту әдістерін енгізді. Онда студенттер компьютердің басқаруымен автоматтандырылған тігу құрылғылармен жұмыс істеуге үйренеді және сонымен қатар аздаған еңбекақы да алады.

Кәсіпорын жұмысшылары қатарында біздін түлектер де аз емес, бұл жұмыспен қамту бағдарламасына өз септігін тигізеді.

Тігін өндірісін автаматтандыру тігіншіні ауыр жұмыстан босатады, бірақ бұл ұстазды негізгі мақсаттан, яғни оқушыға нобайынан сән көрсетуге дейінгі құзіретті үйретуден босатпайды.

Сонда ғана инновациялық әдіспен тігілген әсем киім киген қуанышты жандарды көре аламыз.

Инновациялық оқыту оқытушымен қатар студенттің де санасына терең бойлау қажет.

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст