АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Business trip Woosong University/ SolBridge Business School- ға

03.04.2023
Woosong University/ SolBridge Business School-мен К-ЖТК ынтымақтастығы туралы қол қойылған меморандумға сәйкес, 2023 жылғы 25 наурыздан 31 наурызға дейін жұмыс сапарымен колледж командасы: басшы Акнур Кабиденовна Еслямова, басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Н.Е. Ибраев, басшының оқу - өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары В.В. Гапеев, басшының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Ш. Магавина, Woosong Білім беру қорына ( Тэджон қ., Оңтүстік Корея), атап айтқанда Woosong инженерлік-техникалық колледжіне барды.
Корей өндірісіндегі электромобильдерді диагностикалау және қызмет көрсету бойынша мамандар даярлау бойынша білім беру бағдарламасын (Kia және Hyundai) бірлесіп әзірлеу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, 26 жыл бойы бүкіл әлем бойынша техникалық және кәсіптік білім беру үшін зертханалық стендтер мен қосалқы жабдықтар шығарумен айналысатын кәсіпорында болды.
Тұсаукесер және экскурсия барысында кәсіпорын бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сапар қорытындысы бойынша WOOSONG білім беру қорының басшылығы ҚР барлық делегаттарына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Кездесуді ұйымдастырғаны үшін #ТлектесШингужинову, #МеждународныйОбразовательныйЦентрGlobalСАПА алғыс айтамыз!
Просмотров: 77


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст