АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жатақханада 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

09.03.2023
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледждің №2 студенттік жатақханасында «Менің сұлу ханшам» халықаралық әйелдер күніне арналған мереке өтті. Жүргізушілер С. Макаренко, Ю. Пшеничников, Н. Ибрагимов әйелдер қауымының барлық өкілдерін тамаша мерекемен құттықтады. Балалар өздерінің дарындылығын және онығ алуан түрлілігін көрсетті - Владислав Очиченко, Дмитрий Егоров, өз жандарынан шыққан өлеңдерін оқыды. Диджей Сұлтанхан Жанбулат пен хореограф А. Тасыбаеваның жетекшілігімен би бағдарламасы дайындалып, «Подснежники» жасөспірімдерінің би тобының қатысушылары Н.Швецов, А.Пронин, А.Замула, Р. Габдулин керемет би өнерін көрсетті. Э. Ионов мерекелік қабырға газеті шығарылды. 
«Менің сұлу ханшам» конкурстық бағдарламасында қыздар өздерінің тапқырлығымен, сұлулығымен және әртістігімен ерекше көзге түсіп, әсерлендірді. «Менің арманымдағы жігіт» және «Сән үкімі» көңілді байқаулары көрермендердің  бәріне бірдей жағымды көңілді көңіл күй сыйлады. 
«Менің сұлу ханшам» байқауының жеңімпаздары: 1 орынды А-19 тобының студенті Камила Рахманинова, 2 орынды Дарья Ермакова, З - Пар тобы 21-1, «Көрермендер көзайымы болған ару» номинациясы бойынша УА - 22-1 тобы - Ариана Фасхутдинова, МП - 22 - С тобы - Полина Панасик, «Тартымды ханшайым» номинациясын AУП-22-Ц  тобының Кристина Бесмельницын жеңіп алды. 
Көктемгі жаңарудың алғашқы құттықтаулары мен достық та ыстық  лебіздері жатақханадағы әйел қауымының жүрегінде ұзақ сақталады! Мереке көңілді және қуанышты достық жағдайда өтті. Байқауға қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Іс-шараны ұйымдастырушылар: тәрбиешілер Ж.А. Жунусова, С.А. Умбетова, құрамында Р. Макаренко, С.Ашимова, Д. Глинова, Д. Мерхалиева бар жатақхананың студенттік кеңесі.
Просмотров: 95


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст