АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа Қазақстанның тірегі - айбынды жастар!

02.03.2023

2023 жылғы 28 ақпанда Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж базасында Көкшетау қаласы колледждерінің студенттерімен Қорғаныс министрлігінің үгіт-түсіндіру тобының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының мүшелерімен  кездесу өтті . 
      Үгіт-түсіндіру тобының жетекшісі полковник Бейсен Жақыпов пен «Жас Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Меирбек Мендыгалиев Отан қорғаушының маңызды да, жауапты миссиясы, Қарулы Күштердің қазіргі келбеті, әскери қызметке шақыру және елдің әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы айтып берді. 
     Студенттерге білім беру жеңілдіктері туралы ақпарат берілді. Мысалы, әскерде қызмет еткен жастарға запасқа шығарылғаннан кейін екі жыл ішінде ЖОО-ға ҰБТ тапсырусыз түсу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері мен үлгілі әскери тәртібі үшін қолбасшылықтың ұсынымын алған әскери қызметшілер жоғары оқу орны есебінен тегін оқуға құқылы.
Жастар өздеріне көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар алды.

Просмотров: 145


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст