АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

К-ЖТК мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті !

01.03.2023
СТУДЕНТТЕРДІ, АТА-АНАЛАРДЫ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
📌Департамент бекіткен 2023 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес № 486 бұйрығын басшылыққа ала отырып, ҚР Оқу ағарту министрінің саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім беру саласындағы сапасын қамтамасыз ету бойынша Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қатысты 2023 жылғы «20» ақпаннан «24» ақпан бойынша мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижесі 2023 жылғы 24 ақпандағы № 43 хаттамалық шешімге сәйкес «Аттестатталды».
📌К-ЖТК жиырма екі мамандық және қырық бес біліктілік бойынша мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті:
1. 01140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша);
2. 04110100 Есеп және аудит;
3. 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша);
4. 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша);
5. 07130400 Жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша);
6. 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша);
7. 07140100 Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша);
8. 07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша);
9. 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша);
10. 07151100 Пайдалану және техникалық қызмет көрсету
машиналар мен жабдықтар (өнеркәсіп салалары бойынша);
11.07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
12. 07221400 Жиһаз өндірісі;
13. 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу;
14. 07240500 Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту);
15. 07310100 Архитектура;
16. 07310200 Геодезия және картография;
17. 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану;
18. 07320700 Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы және пайдалану;
19. 07321100 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану;
20. 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру;
21. 10120100 Шаштараз өнері;
22. 10130300 Тамақтануды ұйымдастыру.
📌СОНДАЙ-АҚ КЕЛЕСІ МАМАНДЫҚТАР МЕН БІЛІКТІЛІКТЕР БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ :
1. 07140100 Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша), «Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь» біліктілігі;
2. 07310100 Архитектура, «Графикалық жұмыстарды орындаушы» біліктілігі;
3. 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, «Модельер-конструктор» біліктілігі;
4. 07140300 Мехатроника (салалар бойынша), «Техник-мехатроник» біліктілігі,
5. 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), «Бағдарламалық камтамасыздандыруға қызмет көрсету және тестілеу бойынша технигі» біліктілігі;
6. 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), «Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі» біліктілігі;
7. 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), «Техник-механик» біліктілігі;
8. 04110100 Есеп және аудит, «Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері» біліктілігі;
9. 07320200 Құрылыстағы сметалық жұмыс, «Техник-сметашы» біліктілігі;
10. 07321100 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, «Инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану технигі» біліктілігі;
11. 02120100 Интерьер дизайны, «Интерьер дизайнері» біліктілігі;
12. 07130100 Электр жабдықтары (түрлері мен салалары бойынша), «Техник-электрик» біліктілігі.
Құттықтаймыз!
Просмотров: 99


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст