АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап жұлдыздары» атты кітап көрмесі

28.02.2023

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2023 жылдың 24 ақпанында «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК  агротехникалық бөлімінде,  оқу залында «Кітап  жұлдыздары» атты кітап көрмесі рәсімделді. 📝Кітап көрмесінің негізгі мақсаты: студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. 📚Көрмеге Алаштың ақындары мен жазушыларының, мерейтой жазушыларының кітаптары қойылды, олардың барлығы оқырмандарға таныс және оларды жақсы көреді.  Белгілі қоғам қайраткері, қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынов «Білімнің бас құралы-кітап» демекші, кітаппен білім берудің артықшылықтары әлдеқайда жоғары, әрі жастар үшін өте пайдалы екенін айтып кеткен. Демек, кітап адамның тәрбиелі, саналы жалпы алғанда адами қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететін факт. Кітап оқудың маңыздылығы жайында  атақты ақындар мен жыршылар, ғалымдар мен жазушылар өз кезеңінде келер ұрпағына білімнің шуағын шашып, асыл сөздерін және  рухани мұраларын аманаттап кетті. Сол ұлт арыстарының құнды еңбектерін  ұрпақ жадында жаңғырту парызымыз деп білеміз.
 

📌Қымбатты достар! Сіздер де бос уақыттарыңызды ұтымды әрі тиімді пайдаланып кітап оқыңыздар! Жауапты: А.С.Байзақ

Просмотров: 156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст