АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" МКҚК 2022 жылғы есебі

28.02.2023
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК 2022 жылғы есебі.
 Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы , Жоғары техникалық колледжі» МКҚК Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер саны – 1746 құрады , оның ішінде:
• қағаз түрінде-963;
• «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы-18;
• Мемлекеттік корпорация арқылы-46; 
• ақпараттық жүйе арқылы-719.
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі»  МКҚК 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 44 қызмет.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау – 759 қызмет.
3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана ұсыну – 560 қызмет. 
4. Техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді аяқтамаған адамдарға анықтама беру-2 қызмет.
5. Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау-88 қызмет.
6. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру – 37 қызмет.
7. Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай - ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру-256 қызмет.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://pt0008.kokshetau.aqmoedu.kz Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде стандарттар, ережелер, шағымдану тәртібі, Байланыс ақпараты орналастырылған. Тиімділік және қолжетімділік мақсатында колледжде» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істейді.
   Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Халыққа қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында колледжде көрнекі ақпараты бар стендтер (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылды. 2022 жыл ішінде халықты мемлекеттік қызметтер көрсету туралы хабардар ету үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram), колледж сайтында бірнеше рет тиісті материалдар жарияланды. 
   Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 5 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2022 жылы 3 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
   Ай сайын «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөліміне 7 мемлекеттік қызметтің ішкі мониторингі бойынша жұмыс туралы есеп беріледі. 
 2022 жылы» «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі»  МКҚК Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына және сапасына шағымдар түскен жоқ.

Просмотров: 86


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст