АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Таза сессия" акциясы

27.02.2023

2023 жылғы 13-24 ақпан аралығында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде "Саналы ұрпақ" студенттік клубының мүшелері "Таза сессия"акциясын өткізді. 
    Акция қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын жандандыру, өз пікірі мен осы мәселеге қатысты берік ұстанымы бар, білімді, креативті ойлайтын жастарды тәрбиелеу мақсатында 4 курс топтары арасында ұйымдастырылды. Бұл іс-шара студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруда және сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеуде маңызды болды. 
   Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты студенттердің колледждегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы пікірін зерттеу болды. "Таза сессия" сауалнамасына анонимді түрде өткізілген 1-4 курс студенттері қатысты.
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей: студенттер сыбайлас жемқорлық проблемасын өзекті деп санайды, осы мәселе бойынша заңнаманың негіздерін біледі, мемлекеттің осы зұлымдыққа қарсы күресте қандай шаралар қолданатынын біледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізуге қатысуға дайын.

Просмотров: 200


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст