АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
��S�?�]�j�޷�c���F#��*ȥ;s���6����;?I�b>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАПТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ»

14.02.2023

Машина жасау, Құрылыс және ақпараттық технологиялар салаларындағы қазіргі заманғы еңбек нарығы, сондай-ақ өндірістің барлық салаларында жаңа технологиялардың пайда болуы, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізумен ғылыми-техникалық прогреске байланысты өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды орындау жоғары білікті орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврларды талап етеді және 2020 жылы «Жас маман» жобасы шеңберінде  «Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі» базасында халықаралық талаптар бойынша Құзыреттіліктер орталықтардың ашылуының басты себебі болды

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде терең кәсіби білімі мен дағдылары бар, мәдени, әлеуметтік белсенді, қоғамның рухани құндылықтары мен дәстүрлеріне, моральдық негіздері мен адамгершілік бағдарларына құрметпен қарайтын Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушының тұлғасын жан-жақты дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.  Осы мақсатты жүзеге асыру үшін колледждің инженерлік-педагогикалық ұжымының алдына тәрбие жұмысының бірқатар міндеттері қойылады, олардың бастысы - студенттерге белсенді өмір сүру, азаматтық өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асыру, зияткерлік, мәдени, адамгершілік даму қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Жоба шеңберінде WorldSkills стандарттарын ескере отырып және салалық қауымдастықтардың, «Атамекен» ҰКП және ЖАО ұсыныстары негізінде кәсіптер бойынша жабдықтар тізбесі қалыптастырылды. Жабдықтар тізбесі «Тынысс» АҚ, «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, Степногор подшипник зауыты «ЕРС» ЖШС, «Камаз Инжиниринг» АҚ, «Регион Строй» ЖШС, «Комфорт» ЖШС, «KHS Company Group» ЖШС сияқты колледждің әлеуметтік серіктестіктерімен және жұмыс берушілерімен мамандарды даярлау және жоғары сапалы өнімдерді бірлесіп өндіру келісілді.

«Жас маман» жобасын іске асыру барысында колледж негізгі индустриялық салаларда республикалық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін қажетті заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен және құралдармен жабдықталған. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды, сондай-ақ орталықтар WorldSkills ұлттық және халықаралық чемпионаттарына қатысушыларды даярлауға арналған лагерьлер болып табылады.

Жаңа құзыреттілік орталықтарында кәсіпорындардың жұмысшы кадрларының біліктілігін арттыруды жүргізу, қысқа мерзім ішінде адамдарды өндірістік оқытудың тәжірибелі шеберлерімен және ең заманауи жабдықтармен сұранысқа ие кәсіп дағдыларына қайта даярлау бойынша қысқа мерзімді курстар өткізу, сол арқылы жұмыссыздықтың негізгі проблемасын шешу мүмкіндігі іске асырылды.

            Жоба аясында колледжде келесі бағыттар бойынша тоғыз құзыреттілік орталығы ашылды және жарақтандырылды:

Дәнекерлеу технологиялары, Технологиялық жабдықты автоматтандыру және баптау, Мехатроника, Автокөлік құралдарын жөндеу, Жиһаз өндірісі, Құрылыс технологиялары, Аддитивті технологиялар, Data және STEM технологиялары, ақылды үй инфрақұрылымы. Орталықтардың жұмысы оқытуға, біліктілігін арттыруға, практикалық емтихандар, түлектердің демонстрациялық емтихандарын өткізуге бағытталған. Әлемдік брендтердің жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған құзыреттілік орталықтары серіктес кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша дайын өнім шығаруда жұмыс істейді.

Құзыреттіліктің негізгі орталықтарының бірі «Технологиялық жабдықты автоматтандыру және баптау жөніндегі құзыреттілік орталығы» болып табылады, ол біздің еліміздің іргелі экономикалық маңызды саласы – машина жасау саласына кіретіндіктен, ол туралы сөз қозғалатын болады.

Технологиялық жабдықты автоматтандыру және баптау жөніндегі құзыреттілік орталығы - HAAS (АҚШ) фирмасының UMC-750 CNC бар бес осьті әмбебап тігінен фрезерлік өңдеу орталығымен жабдықталған. Аталған өңдеу орталығы «Тынысс» АҚ, «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, «Степногор подшипник зауыты «ЕРС» ЖШС өңірінің машина жасау саласындағы әлеуметтік әріптестері үшін шығарылатын өнімдердің тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Кез келген күрделіліктегі біліктер мен цилиндрлерді өңдеуге мүмкіндік беретін СББ бар дөңгелек тегістеуіш станогы.

HAAS (АҚШ) фирмасының UMC-750 CNC сатып алынған өңдеу орталығы колледж базасындағы желіні жалғастыруда, пандемия кезінде HAAS оқу орталығында «Көкшетау 4P» ӨЖЖ аппаратының негізгі бөлшегі - коллектор корпусы шығарылды. ТжКББ оқу орындарының материалдық - техникалық базасын жаңарту және жарақтандыру үшін «Жас Маман» сияқты жоба бар екені қуантады, бұл біздің кәсіпорын үшін кәсіби кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.

Өткен жылдың сәуір айында «Алан Сервис» ЖШС - мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған үш бөлшекті өңдеу бойынша 3 млн.теңге сомасына шарт жасалды.     

«WorldSkills 2021» кәсіби шеберліктің 6-шы Ұлттық чемпионатында Автоматтандыру және технологиялық Жабдықты баптау жөніндегі құзыреттілік орталығының пайда болуының арқасында «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің» қатысушысы Вячеслав Романович Кононов «СББ бар станоктарындағы фрезерлік жұмыстар» құзыретінде жүлделі бірінші орынды иеленді. Болашақта бұл Германиядағы Леонберг қаласында өткен «WordSkills 2022 special edition» халықаралық байқау дайындығына оң әсер етті, онда қатысушы 658 ұпай жинады баллов.

Қорытындылай келе, «Жоғары сапа және функционалдылық - жабдықтың жоғары құны үшін өтемақы»  деп, қорытынды жасауға болады

Ең бастысы: - «Жоғары техникалық колледждің болашақ мамандары Қазақстан экономикасының көптеген салаларында сұранысқа ие болады, өйткені олар әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтарымен жұмыс істеуде үлкен тәжірибе жинақтайды». Колледж бен жұмыс берушілердің бірлескен, үйлестірілген іс-қимылдары ғана ұзақ мерзімді перспективада барлық мүдделі тараптарға елеулі пайда әкеледі және жоғары білікті кадрларды даярлауда оқу орындары мен әлеуметтік әріптестер кәсіпорындарының әлеуетін біріктірудің тиімді жүйесін құрады.

Автор:,

«Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі» МКҚК

өндірістік оқыту шеберлері

Кононов Вячеслав және Тлеулин Мұратбек

 

 

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст