АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Digital Almaty 2023 Халықаралық форумы

03.02.2023
📣 Біздің әріптестеріміз 2023 жылғы 2-3 ақпанда Алматыда өтетін Digital Almaty 2023 Халықаралық форумына қатысу мүмкіндігін алды!
Форумның тақырыбы – «Жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік».
✅Өндірістік оқыту шеберлері мен IT бағытының оқытушылары Р.С. Ковалев, Д.В. Майер, О.О. Хамзин, Э.А. Вал, сондай-ақ басшының орынбасарлары Н.Е. Ибраев және А.Ж. Карифов әлемнің 30 елінен келген халықаралық сарапшылармен топ-панельдік сессияларға қызығушылықпен қатысады.
Аталған форумда әлемнің жетекші IT-компанияларының 150-ден астам спикерлері цифрлық технологиялар саласындағы жаңа стратегиялар мен трендтерді, венчурлық қорлардың, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия технопарктерінің көрмесін, Astana Hub Вattle стартаптарының ауқымды шайқасын, бос орындар жәрмеңкесін, IT-мектептер көрмесін және т. б. талқыланды!
Сондай-ақ, алғаш рет IT-стартаптардың ең ірі Аллеясы өтеді. 10 000 шаршы метрге бүкіл Орталық Азиядан үздік стартаптар жиналады.
Ұйымдастырушылар - ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі.
Әріптестерімізге кәсіби қызметте қолдану үшін жеткілікті тиімді, нәтижелі ақпараттарды жинақтап алып келеді деген сенімдеміз!
Просмотров: 86


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст