Көкшетау қаласы , Жоғары техникалық колледжінің оқытушылары Куланова Эльмира Бекбулатовна мен Сабыржанова Ания Бельгибаевна «Біз- жемқорлыққа қарсымыз» атты ашық кураторлық сағаты өткізді. Іс-шараның мақсаты "Сыбайлас жемқорлық" ұғымына сипаттама беру, сыбайлас жемқорлықтың көріну формаларымен, оның салдарымен және онымен күресу тәсілдерімен таныстыру.Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, іздеу қызметінің негіздерін дамыту, қазіргі қоғамның проблемаларына өзіндік дүниетанымын қалыптастыру, елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты ұстанымның қалыптасуына ықпал ету, эмоционалды деңгейде сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан бас тартуды қалыптастыру. Іс-шараға РҚБ "Әділдік жолы" Ақмола облысы бойынша филиалының сарапшысы, Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тайтенова Самира Өмірбайқызы қатысты. Ол студеттерге Әділдік жолы филиалының жұмысының маңыздылығы мен айқындылығы туралы хабарлады.Студенттер белсенді қатысып, өмірде кездесетін жағдайларды сахналап көрсетті.Жемқорлыққа байланысты өз пікірлерін айтыты.Болашақта кез келген жағдайда заңға қайшы келмейтін дұрыс шешім қабылдай біле алатын жас ұрпақ болады.