“Жолдар басқа бағыттарға қарағанда, ешқандай өзгерістерге қарамастан әрқашанда керек, және де ешқандай мемлекеттік бағытқа қарамастан салынады және салына береді. ”
Г.И.Донцов
Бұл өмірде көптеген пайдалы, қызық мамандықтар бар, олардың бірі – жол құрылысшысы. Аэродром және автокөлік жолымен байланысты мамандық иесі.
Бұл мамандық иелері тек қана жол салу, көпірлер көтеру, жол қабаттарын жөндеулермен ғана айналыспайды, олар көптеген қалалар мен ауылдар арасын қосып, өркениетпен пен дамуға жол ашады. Бұл мамандықтың көптеген қиыншылықтары бар. Олар: шу, ауа райы құбылмалары, жол үстіндегі қозғалыс.
Соңғы жылдары құрылысшылардың жұмысының арқасында жол құрылысының дамуы өрге басты.
Соған қарамастан бұл мамандық даму барысында, демек сызба жұмыстарын жасаушы және жол құрылысшылары ерекше сұранысқа ие.
Бұл мамандық иелерінің қабілеттерін дамыту еліміздегі жол бағдарламасының дамуы байланысты.
Бұл мамандық иелелері жоғарғы дәрежеде ми қабілеті дамыған болу қажет және де техниканың барлығын білуі керек. Көкшетау қаласындағы «Жоғары техникалық колледжіндегі» «Жол құрылысы мамандығы» бойынша әрбір студент қазіргі заман талабына сай мамандық иесі бола алады. Бұл мамандық бойынша оқу аяқталғанда студент көптеген қосымша мамандықтарға ие болады. Олар: «Жол құрылысшысы», «Автогрейдер машинисті» және де «Жол құрылысының қолданбалы бакалавр» салаларына ие болады.
Нигматулина Ю. Е.