АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби қызметтің қорытындысын шығару

30.12.2022

Педагогтың кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында өсуін Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде ОЖБ кәсіби қызметініғң қорытындысын шығару жалғасуда және 2022 жылғы қол жеткізілген нәтижелер талданды. Колледж басшысы Ақнұр Қабиденқызы Еслямова жаңа жыл қарсаңында инженерлік- педагогикалық үжымды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, 12 номинация бойынша дауыс беру нәтижелері бойынша бағалы сыйлықтар табыс етті, оған барлық тілек білдірген педагогтар мен студентттер қатысты.

Сонымен «Идеялар генераторы» номинациясы бойынша «Aqmola power» облыстық инновациялық идеялар мен жобалар байқауының жеңімпаздарын бірнеше рет дайындаған «Педагог зерттеуші» кәсіби оқыту жөніндегі басшының орынбасары Нартай Назарұлы Ибраев жеңімпаз атанды;

         «Алтын қор» номинациясы бойынша құрылыс мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушысы Гүлжан Жанбырбаевна Аханова,

«Мамандыққа адалдық» номинациясы бойынша акмеология оқытушысы, педагог-ассистент ҰБТ – Наталья Брониславовна Румянцева;

«Компьтерлік гений» номинациясы бойынша ІТ – бағыттары арнайы пәндер оқытушысы, «Педагог-зерттеуші», Қазақстан Республикасынан «Протиптеу» құзыреті бойынша  WorldSkills international халықаралық сарапшысы, WorldSkillsKazakhstan Ұлттық кәсіби шеберлік чемпионатының бас сарапшысы, WorldSkills кәсіби қозғалысының жеңімпаз студенттерін өңірлік, 2017 жылдан бастап республикалық деңгейде бірнеше рет дайындаған Геннадий Александрович Мергунов.

«Кәсіпқойлық» номинациясы бойынша IT  бағыты бойынша өндірістік оқыту шебері, «Мобильді роботехника» құзыреттілігі бойынша Ақмола облысының сарапшы- компатриоты, ТжКББ-2022 педагогтары арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсының Гран-при иегері Рустем Сергеевич Ковалев.

         «Алтын қол-шебері» номинациясының жеңімпазы - практика меңгерушісі, жиһаз өндірісінің құзыреттілік орталығының басшысы Шульдайс Павел Александрович болып табылды;      

ҰБТ «Креативтілігі және өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясы бойынша техникалық мамандықтар бойынша арнайы пәндер оқытушысы, «педагог-модератор», студенттерді дайындаған, «Инженерлік графика» құзыреттілігі бойынша қола медаль иегері, 2021ж. және WorldSkills Kazakhstan-2022 чемпионатының «Үздік маман» медалінің иегері- Нұрсұлу Уәлиханқызы Асылбекова;

«Мейірімділік пен жауаптылық үшін» номинациясында - WorldSkills-2021 таратылған Еуразиялық чемпионатында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша қола медаль иегерін дайындаған «Педагог-сарапшы» өндірістік оқыту шебері Ольга Дмитриевна Корчевная, сондай-ақ WorldSkills Aqmola-2021 облыстық чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Лариса Гельд;

«Жылдың ашылуы» номинациясында – шаштараз өнері мен тырнақ сервисін өндірістік оқыту шебері Анастасия Игоревна Козлова;

«Кәсіби шеберлік» номинациясында - химия пәнінің оқытушысы, «педагог-зерттеуші», облыстық инновациялық жұмыстар байқауының жүлдегері - 2022 ж., «Қазақстанның үздік 100 мұғалімі» жалпымемлекеттік рейтингтік бағдарламасының номинанты, ЖББ оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің төрағасы Эльмира Бекболатқызы Куканова.

ҰБТ «Ең әділ педагог» номинациясы бойынша - физика пәнінің оқытушысы Әсемгүл Теміртасқызы Қыдырмина;

«Белсенділігі мен бастамасы үшін» номинациясында – «Өнеркәсіптік дизайн» және «BIM-технологиялар» құзыреттілігі бойынша WorldSkills-2021 республикалық чемпионатының жүлдегерлерін дайындаған сәулет-құрылыс мамандықтарының арнайы пәндерінің оқытушысы, Junior Skills Aqmola қозғалысының сарапшы - компатриоты Дәурен Шамшидинұлы Сейітов.

Әріптестерімізді жаңа жылмен құттықтай отырып, толағай табыс, нақты мақсаттар мен перспективалық жоспарлар, қайсар қайраттылық пен ұжымның мызғымас достығын, отбасылық бақыт пен берекелі жетістіктер, жоғары өркендеу мен сенімді сәттілік тілейміз!


Просмотров: 201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст