АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің, Жаңа жыл!

30.12.2022

 «Қош келдің, Жаңа жыл!»

     Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттік жатақханаларында 2022 жылды өткізуге және 2023 жаңа жылды қарсы алуға арналған жатахана тұрғындарының қатысуымен мерекелік кеші өтті.

Кештің конкурстық іс-шаралары мен концерттік нөмірлеріне әр түрлі курстар мен мамандықтарда оқитын 2,3,4 және 5 қабат тұрғындары белсенді қатысты.

Көңілді «Жаңа жыл»  және тұрғындар үшін мерекелік атмосфераны Аяз Ата мен Ақшақар бастаған ертегі кейіпкерлері қамтамасыз етті, олар конкурстық сыйлықтар ойнап, сыйлықтар таратты. Кештің шарықтау шегі студенттер-тұрғындардың күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама болды. Мерекелік кеште жаңа жылдық байқаулардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Үздік қабырға газеті үшін конкурста 2 - қабаттың тұрғындары - қыздар мен 5-қабаттың тұрғындары-ұлдар жеңімпаз атанды.

№ 506 бөлменің тұрғындары мен № 333 бөлменің тұрғындары ең жақсы жаңа жылдық бөлме деп танылды. 

Мерекелік кеш жаңа жылдық дискотекамен аяқталды.

Жаңа жылдың ерекшелігі - бұл студенттердің жалпы мерекесі - жаңа жылдық мереке алдындағы көңіл-күйді көтеріп, оларды бір-бірімен тығыз  біріктіріп, жаңа жылдық жаңа серпін, жаңа күш-қуат әкелетін мереке. Жаңа жыл құтты болсын!

 Мерекені ұйымдастырушылар жатақхананың студенттік кеңесі және тәрбиешілер Ж.А. Жүнісова, Р.М. Уәлиханова, Б.К. Қабдулова болды.

 

Просмотров: 167


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст