АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
��S�?�]�j�޷�c���F#��*ȥ;s���6����;?I�b>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолдар саламыз

13.12.2019

Оқу жылы жол- құрылысы бөлімінің жоғары курс студенттері үшін өндірістік практикадан басталды. Бұл кезең- құрылыс алаңдары мен жолдарды  қалпына келтіруде, көшелерде жөндеу жұмыстарын жүргізуде жұмысшы көмегі қажет кезең.

                                               

Жылдан -жылға студенттер ЖШС"Көкшетау Жолдары"  және ЖШС "Көкшетау Автодор-да"  туған қаласы мен облысының көшелерін жөндеу және құрастыру, жұмыс мамандығын алу үшін диплом алдындағы, технологиялық практикадан және практикадан өтеді, себебі тек қана Жоғары техникалық колледжде жол құрылысшысы мамандарын  дайындайды. Біздің қаланың екі ірі жол ұйымы студенттерді практикаға жіберу туралы қолдаухатпен шығады. Өндірістік тәжірибе-бұл нақты жұмыс қызметі режимінде ұйымдарда болып жатқан білім беру процесінің практикалық бөлігі. Практика білім алушыны маман ретінде қорытынды аттестаттау және біліктілікті беру үшін қажетті теориялық білім мен дағдыларды бекітуге арналған.

 Тәжірибе қорытындысы бойынша ДС-15, ДС-17, ДС-16 топтарында тәжірибені қорғау бойынша конференция өтті. Іс-тәжірибе қорғауларында студенттер өздерінің есептері мен презентацияларын, бейнематериалдарын ұсынды, онда қандай кәсіби дағдыларды алғандарын, практикадан не пайдалы және қажет екенін, не үшін жұмыс істеу керектігін көрсетті.

 Студенттер қаланың және облыстың түрлі нысандарында қалай еңбек еткендерін үлкен қызығушылықпен айтып берді. "Астана-Петропавл-Бурабай", "Ильичевка-Щорс", "Зеренді-Щучинск" учаскелерінде жолдар салынды, "Көкшетау-Рузаевка" жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, Көкшетау қаласының көшелерін жөндеу және абаттандырумен айналысты.

Іс-тәжірибеден өту кезінде ДС-17 тобының студенті Штарк Анатолий виброплитаны өз бетінше жинап, оны брусчатканы  қалау кезінде пайдаланған .

 Студент үшін өндірістік тәжірибе  оның кәсіби мансабының бастапқы  баспалдағы  болып есептеледі.Практика барынша  маңызды болу  үшін жақсы  көңіл-күймен және бұл іс  өз білім беру мекемесінің  беріп отырған білімі мен  жасап отырған мүмкіндігі екенін түсіну қажет.


Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст