Жол-құрылыс бөлімінің Дс-15 тобының студенттері дипломалды практикасын өтті.
Дипломалды практикасының басты мақсаты студенттердің алған білімін іс жүзінде қолдану. Дипломалды практикасы ақтық мәре болып есептеледі, және де студенттерді ертеңгі өмірге дайындайды.
Практика басында студенттер өндіріс және құжаттармен танысты. Қауіпсіздік ережесімен таныстырылды.
Практика барысында студент жол құрылымын терең зерттеп, өз еркімен қиын шешімдер қабылдап үйренді.
Практикабарысында студенттер жол қабатын жөндеу және оған күтім жасау әдістерін меңгерді.
Олар келесі жұмыс әдістерін жүзеге асыруды үйренді:
1) Жол қабатын жасау
2) жұмыс тәсілдерін әртүрлі амалдарға бөлу және жүзеге асыру
3) жол құрылыс материалдарының физико-механикалық ерекшеліктерін анықтау
4) жол құрылысы кезінде пайдаланылатын көлік жұмысын бақылау
5) қоршаған ортаны сақтау әдістері
6) жұмыс барысын бақылап отырып оның жұмыс барысын арттыру амалдарын ойластыру.
Дипломалды практикасынан өткен соң Дс-15 тобының студенттері жазғы практикада жасаған жұмыстарын тұжырымдап сәтті ақтап шықты.
Нигматулина Ю.Е.