АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мемлекеттік тіл - менің тілім" дәстүрлі республикалық форумы

23.12.2022

23 желтоқсан күні Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы этнос өкілдеріне арналған "Мемлекеттік тіл - менің тілім" дәстүрлі республикалық форумы өтті.Оған республиканың Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 200 астам студенттері мен педагогтері қатысты. Ақмола облысының атынан 10 студент қатысты. Оның ішінде Көкшетау Жоғары техникалық колледжінің екі студенті Бякярис Любовь жетекшісі Сабыржанова Ания Бельгибайқызы, Кекин Андрей  жетекшісі Тулепова Айгерим Ануаровна  іріктеуден өтіп форумға қатысу құрметіне иеболды. Форумда Шиповских Геннадий Геннадиевич Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі, Дементьева Наталья Григорьевна Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі қатысты. Олар қазақ тілін  меңгерудегі  жеке тәжірибелерімен бөлісті.Форумда қозғалған негізгі тақырып Тіл өзектілігі, қазақ тілін дәріптеу сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу.

Просмотров: 147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст