АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы.

30.11.2022
«Өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы.
Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Олар әр адамның өміріне енгенін біз бәріміз өте жақсы білеміз. «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» дегендей, қанша заман алға жылжып, ғылым мен техника дамыса да, кітап өз құндылығын жоғалтқан емес. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек». Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ел» жобасы аясында 2022 жылдың 29 қарашасында ТС-20П топ кураторы Тулепова Айгерім Ануарқызы мен колледж кітапханашысы Нурбаева Алия Жумабековнаның ұйымдастырумен «Өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – студенттерді кітапқа деген құштарлығын арттыру. Әр оқушы өзі оқыған кітаптары туралы ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті. Гудов Денис топ жарып, үздік эссе жазғаны үшін марапатталды. Кітапхана меңгерушісі Нагорная Зауреш Боранбаевна естелікке кітап сыйлады. Осы іс-шара студенттерге жағымды әсер қалдырды деп сенеміз.
 
Просмотров: 841


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст