АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қораптағы қоқыс» қойылымы

16.11.2022
Бүгін, яғни 2022 жылдың 15 қарашасы күні Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің 1-5 курс студенттері Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында «Қораптағы қоқыс» қойылымын көріп тамашалады. Жаңа қойылымда от басып опық жеп жүрген Камиланың қиын тағдыр жолы арқылы өрбитін оқиға жастар көңілінен шықты.
Байлығына малданып, асып- тасып жүрген ойсыз, кәсіпкер Дәленмен арасын суытып, одан кетпекке бел буғаны, жастықпен тастап кеткен сәбиінің көз жасын ойлап, шарқ ұрған ананың зары, құдайдың құдіретімен бейкүнә сәбиді қоқыстан тауып алғаны көрермендердің көңіліне ерекше әсер етті.
Шытырманға толы қойылым қоғамның ащы шындығын аша білді. Қойылым басындағы кейіпкер Камиланың өмірі соңында басына түскен ауыр сынға болаттай берік болып, мүлдем басқа болып өзгереді. Мұның барлығын көрермендер шынайы қабылдап, алған әсері бөлек болғаны сонша, қойылым аяқталса да көрермендер кеткісі келмей, әртістерге деген құрметін ұзақ қол шапалақтауымен білдірді.
Қорыта айтқанда, «Қораптағы қоқыс» қойылымының қазіргі жастарға тәрбиелік мәні зор қойылым болды деп бағалаймыз. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне, жазушы - драматург Жабал Ерғалиұлыңа, театр әртістерініңе еңбегтерінізге рахметімізді айта отырып, алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыстарға жете беруіне тілек білдіреміз!
Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст