10.11.2022
2022 жылғы 9 қарашада Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Жобалық қызмет ТжКБ студенттерінің оқу-зерттеу қызметінің құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбында ІТ бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігі өтті.
ӘБ төрағасы Әсел Гайниденқызы Саутбекова, К-ЖТК арнайы пәндер оқытушысы қонақтарды құттықтап, ТжКБ студенттерінің оқу-зерттеу қызметінің құрамдас бөлігі ретінде жобалық қызмет бойынша тәжірибемен бөлісті.
Сонымен қатар спикерлер ретінде облыстың келесі педагогтары сөз сөйледі:
Зубов Алексей Юрьевич, арнайы экономикалық пәндер оқытушысы, Жоғары техникалық колледж, Щучинск қ.: «Жобалау қызметінің нәтижелерін практикалық қолдану».
Орлова Юлия Александровна, арнайы экономикалық пәндер оқытушысы, Жоғары техникалық колледж, Щучинск қ.: «Студенттердің жобалық қызметін"кәсіпкерлік қызмет негіздері" пәнін игеру шеңберінде оқытудың негізгі әдісі ретінде пайдалану».
Әуелбеков Ержан Еранұлы, арнайы экономикалық пәндер оқытушысы, Жоғары техникалық колледж, Щучинск қ.: «Жобалық қызмет Бухгалтерлік-экономикалық пәндер студенттерінің оқу-зерттеу қызметінің құрамдас бөлігі ретінде».
Оспанова Нұржамал Қанатқызы арнайы пәндер оқытушы, Жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қ.: «Web бағдарламалау сабақтарында жобалық оқыту технологиясын қолдану».
Лузгарева Наталья Викторовна, арнайы пәндер оқытушы, Жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қ.: «Цифрлық визуализация пәні бойынша оқытудың жобалық әдісі, "WEB сайт үшін жоба дизайнын әзірлеу»
Өтепбай Досай Жұмаханұлы, арнайы пәндер оқытушы, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі: «Дипломдық жобалау маман даярлаудың, оның кәсіби қалыптасуының соңғы кезеңі ретінде».
Сондай-ақ, колледж басшысы Ақнұр Қабиденқызы Еслямова қонақтарды колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырды, колледж студенттері мен педагогтары өз жобаларын көрсетті. Барлық әріптестерге әдістемелік бірлестік жұмысына қатысқандары үшін алғыс айтамыз!