10.11.2022
2022 жылғы 9 қарашада Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жоғары техникалық колледж, Көкшетау қаласы" МКҚК-да болды.
Сапар барысында Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасын және "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыссыздарды кәсіптік оқыту" (2021-2025 жж.) бағдарламасының нәтижелерімен танысты.
Кәсіптік оқыту мен "Еңбек" бағдарламасының қатысушылары арнайы топтың инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша шеберлік сыныбын көрсетті, ҚББ бар студенттерді оқытуға арналған арнайы жабдықтарды көрсетті:
"Балалар, мен сендерді мақтан тұтамын!" - министр Тамара Дүйсенованың мұндай сөздерін есту қабілеті нашар студенттерге сурдоаудармашы ишара арқылы жеткізді.
Сондай-ақ, дәл осы сөздерді Брайльға айналдырылып, арнайы принтерге басып шығарылды, содан кейін көру қабілеті нашар студент алынған ақпаратты оқи алды. Майер Дмитрий Владимирович есту қабілеті нашар адамдар үшін арналған "Диалог" FM жүйесін қолдануды көрсетті.
Аутизм спектрі бұзылған студент робот моделін құрастырды және көрсетті, оны өндірістік оқыту шебері және тәрбиеші-ассистент басқарды.
Кездесу барысында З-ПАР-21-1 тобының студенттері шаштараз өнері бойынша шеберлік сабағын көрсетті. Визаж/косметология бойынша практикалық дағдыларды Таратылған Еуразиялық 2022-чемпионатының күміс медалінің иегері Гаврилова Дарья ұсынды.
З-ПУ-21, З-ПУ-20 топтарының студенттері WorldSkills конкурсанттарына арналған костюмдер топтамасын, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдер топтамасын, ВТК-К өндірістік оқыту шеберлерінің басшылығымен Тігін өндірісінің оқу-өндірістік орталығында дайындалған "Paris" кешкі нарядтар топтамасын ұсынды.
Колледж басшысы Ақнұр Қабиденқызы Еслямова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін колледждің құзырет орталықтары мен шеберханаларында дайын өнім шығару туралы хабардар етті. Пандемия кезінде "Тыныс" АҚ-мен бірлесіп "Тыныс" АҚ мүгедектер үшін арбаларына, "Көкшетау 4 П"ӨЖЖ аппараттарына арналған коллектор корпустарына арналған жиынтықтаушы бөлшектердің шығарылуын ерекше атап өтті.
Бүгінгі таңдағы дуальды оқыту жүйесінің мәселелері талқыланды. Колледжде дуальді оқытумен қамтылған студенттердің үлесі 26% - құрайды және әлеуметтік серіктестердің 17 ірі кәсіпорны жұмылдырылған. Бұл біздің аймақ үшін жақсы көрсеткіш.
Тамара Дүйсенованың инклюзивті оқытудың 2 курс студенттерімен достық, сындарлы диалогы өтті. Сурдоаудармашының көмегімен арнайы топтың әрбір студентімен әңгімелесіп, барлық студенттерге алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі колледжде бірқатар құзырет орталықтарына барып, ұжымның жұмысына оң баға берді.