Текст
16.09.2022
Бүгін Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжі ұжымы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ұйымдастырған "Инклюзивті қоғам - сананың өзгеруі" біліктілікті арттыру курсттық жұмыстардың тындаушы- қонақтарын қарсы алды. Қонақтарды колледждің кәсіби шебер біліктілігін таныстырып, инклюзивті білім беру бағытына және жұмысына ерекше назар аударды.
Алфавит таңбаларында мәтіндік ақпаратты шығару үшін Брайль принтері бар, ал сипап сезу арқылы суреттер салу үшін студенттер Рiaf тактильді принтерін белсенді қолданады;
Портативті Брайль дисплейі Focus 40-Blue V 40 элемент мәтіндік ақпаратты алты нүктелі Брайль алфавиті түрінде көрсетеді, (10 дана);
Нашар көретіндерге ыңғайлы оқуға мүмкіндік беретін портативті электрондық бейнеүлкейткіш, (5 дана) ;
Aurica тасымалды индукциялық жүйесі-нашар еститін адамдарға арналған "Диалог" сымсыз FM-жүйесі, нашар еститін адамдардың түрлі іс-шараларға толық қатысуына кепілдік береді, (15 дана);
Нашар еститіндерге арналған Aurica PH-50 индукциялық жүйесі, индукциялық ілмектерді күшейткіш, (8 дана).



