Текст
15.09.2022
ОӘБ жөніндегі орынбасары Калиева Г.Ж. оқу жұмыс бағдарламасымен таныстырды, оған қойылатын талаптарды түсіндірді. Жаратылыстану-математика циклының жетекшісі Қыдырмина А.Т. қысқа мерзімдік жоспарды жүргізу ережелерін, оқу нәтижесін, мақсаттарын анықтауды ашып берді. Технология пәндер циклының жетекшісі Стрельцов Н.Н. технологиялық картаны толтыруды түсіндірді. Жас маман клубының жетекшісі Сәбитова Т.Б. тәлімгерлерді бекіту бұйрығымен таныстырды және жас мамандарға корпоративтік мәдениет, педагогикалық этика мәселелеріне көңіл бөлуді ұсынды.

