Текст
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдері апталығындағы іс-шаралар аясында, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің 21-СКХ тобының студенттері 2022 жылдын 5 қыркүйек күні Ақмола облысының Мағжан Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына бару мүмкіндігіне ие болды.
Сапар барысында жастар кітапхананың , «Ұлт ұстазы» атанған ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ халқының даңқты ұлы Ахмет Байтұрсыновқа арнап дайындаған көрмелер, кітап бөлімдерімен танысты.