1 қыркүйек күні Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінде Білім күніне орай, салтанатты сап түзеу ұйымдастырылды . Бұл күн барлық колледж студенттері үшін маңызды күн, бірақ бірінші курс студенттеріне ол ерекше, себебі бүгіннен бастап олар үшін жаңа, жауапты, қуанышты, жаңалықтар мен бірегей технологияларға толы, табысты, әсерлі, студенттік өмір басталады.
Салтанатты сапты ашу және жаңа оқу жылын бастау сөз төрайымын Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызына берілді . Жаңа оқу жылында студенттерге білім алуда табыс, жаңа жетістіктер мен сарқылмас оптимизм, өз елінің лайықты азаматы болуға тілек жолдауын білдірді.
Сап түзеу мерекесі соңында колледжде «Терен білім, еңбекқорлық және Отаншылдық қасиеті» атты тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Барша студенттерді, ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймызІ Тілейтініміз сәттілік, еңбексүйгіштік, биік шыңдарды бағындыру! Сәт сапар!