01.09.2022
2022 ж. 31 тамызда Жоғары техникалық колледж ұжымының жұмыс кеңесі өтті. Колледж басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызы ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтап, ұжымға жаңадан келген оқытушылармен таныстырды. Жұмыс кеңесінде келесі мәселелер қаралды: басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ш.Магавина 2022-2023 оқу жылына студенттерді қабылдау қорытындысын жариялады және оқу дәрісханалар, оқу-өндірістік шеберханалар меңгерушілерін бекіту жөнінде хабарлады. Оқу-тәрбие жүмысы бойынша басшының орынбасары К.М. Алиева топ жетекшілерін 1 курс студенттерімен жүргізілетін жұмыс, жатақханаға орналастыру, т.б.ережелермен таныстырды. Гапеев В.В., оқу-өндірістік жұмыс бойынша орынбасар, ұжымды оқу-өндірістік процесінің кестесімен таныстырды. Басшының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Д.У.Кожахметова "Заманауи педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту моделі" тақырыбында сөз көтеріп, "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобаға назар аударды.
Әріптестерімізге жаңа оқу жылы қарсаңында еңбегімізде табыс, зор денсаулық, білім шыңдарын бағындыра беруде қажымас қайрат тілейміз!