АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сандық басқарылатын токарлық қондырғыны орнату» тақырыбындағы интегралды практикалық сабақ

30.09.2019

Білім беру мекемелерінде оқу және арнайы пәндердің бірігуі бүгінгі таңда оқытушылық құрамының шығармашылығын жетілдіруге және дамытуға ықпал ететін жаңа педагогикалық шешімдерді іздестірудің перспективті бағыттарының бірі болып табылады. 27 қыркүйекте Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан халықтарының тілдері онкүндігі аясында МС-15 тобының 5 курс студенттерімен «Сандық басқарылатын токарлық қондырғыны орнату», "Setting up a CNC lathe" (кәсіби ағылшын тілі, АЖЖ негіздері және өндірістік оқыту) атты интегралды практикалық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың өзектілігі - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін оқу, таным, жеке даму саласындағы негізгі құзіреттіліктерді алуға негізделген студенттердің функционалдық сауаттылығы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.

Сабақтың мақсаты - студенттерге арнайы пәндердің, таңдаған мамандығы бойынша кәсіби ағылшын тілін және өндірістік оқытудың маңыздылығын көрсету, Worldskills чемпионатына қатысу үшін ағылшын тілінде сөйлеу, шетел тілінде тапсырманы түсіну.

Сабақ барысында студенттерге орыс және ағылшын тілдерінде кіріспе нұсқаулар берілді, токарлық қондырғымен жұмыс жасауда қолданылатын ағылшын терминологиясы түсіндірілді, тапсырмалар екі тілде берілді. Студенттер ағылшын тілінің лексикасын пайдаланып, кескіш қондырғыны өлшеу, бұрғылау құралын орнату және өлшеу, бұрғылауды орнату және өлшеу шеберлігін көрсетіп түсіндірді. Студенттер сабаққа белсене қатысып, ағылшын тілін және сандық басқарылатын токарлық қондырғымен жұмыс істеу шеберлігін өте жақсы деңгейде көрсетті.

Кәсіби ағылшын тілінің оқытушысы Сыздыкова Г.С.

Арнайы пәндер оқытушысы Мукушев К.С.

Өндірістік оқыту шебері Савосин А.Н.

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст