01.07.2022
Ақмола облысында білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында ХVI облыстық "Ұстаз - 2022" спартакиадасы басталды. 2022 жылдың 29 маусымында Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылық колледжінде спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.
Спартакиаданы өткізудің мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында үздік спортшыларды анықтау.
Спорттық жарыстар әлеуметтік серіктестік аясында Ақмола облысының білім басқармасы мен білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен өткізіледі.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.Жусупов, Ақмола облысы кәсіподақ орталығының төрағасы К.Рахметов, Ақмола облысы білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б. Әбдірахманов қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі, олар қатысушылардың денсаулығы үшін, сондай - ақ салауатты рух пен жалпы ұжымдағы бірлік үшін осындай ауқымды іс - шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Облыстық спартакиаданың спорттық жарыстарына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 19 команданың 300-ден астам қызметкері қатысады.
" Ұстаз - 2022" облыстық спартакиадасының қатысушыларына сәттілік және спорттық жеңістер тілейміз!




