Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде 2022 жылғы түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Салтанатты жиында 184 қолданбалы бакалаврлардың "Ғимараттар мен құрылыстар салу", "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы","Машина жасау технологиясы", "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандықтары бойынша жетінші шығарылымы болды. 13 түлекке "Қолданбалы бакалавр" біліктілігі бойынша орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом берілді .
Колледж басшысы Ақнұр Еслямова сөз сөйлеп , түлектерді, ата-аналарды және салтанатты рәсімге қатысушыларды колледж тарихындағы айтулы күнмен құттықтады .
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі Қазақстан Республикасының үздік техникалық және кәсіптік білім беру колледжі болып табылады! Біздің түлектеріміздің алған білімдері , кәсіби құзыреттері жаңа Қазақстанның құрылысына қызмет ететініне сенімдіміз. Болашақ сіздікі. Жолдарыңыз болсын!