Қазақстан тілдері мерекесін өткізу аясында 18 қыркүйекте Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде бірінші және екінші курс (МВТ-19 және З-ТМ-18-к) студенттері үшін "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында студенттер өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы, ұлттық таным, ана сүтімен дарыған тіліміздің өмірдегі атқарып жатқан қызметі, сол құдіретті тілдің шынайы мөлдірлігі мен тазалығы, сонымен бірге қазақтың тілінің бүгінгі жайы мен келешегі туралы ой бөлісті. Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Студенттер дөңгелек үстелдің екінші кезеңінде латын әліпбиіне көшудің тарихи маңызы, артықшылықтары мен кемшіліктері, қоғам үшін тиімділігі туралы ойларын ортаға салды. Іс-шара З-ТМ-18-к тобының студенті, Моңғолия елінен келген Бүркітбай Жанарбектің домбырада орындаған қазақ тілі туралы мағыналы термесімен аяқталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Таттыбаева А.Б.