23.06.2022
2022 жылы 22 маусымда Ақмола облысына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов жұмыс сапарымен келді.
Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі "Bolashaq Saraiy"балалар және жасөспірімдер сарайының базасында өтті.
Есептік кездесуден кейін Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевпен бірге Оқу-ағарту министрі Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің базасында "Жас Маман" жобасы аясында құрылған көрме мен құзыреттілік орталықтарына барды. Колледж басшысы Еслямова Ақнұр Кабиденқызы төменде көрсетілген бірнеше орталық жұмыстарымен егжей-тегжейлі таныстырды. Олар:
* Графикалық дизайн құзыреттілігі орталығы;
* Өндірістік жабдықтарды автоматтандыру және баптау құзыреті орталығы;
* Шанақты жөндеу құзыретінің орталығы;
* Дәнекерлеу технологиясы құзыреттілігі орталығы;
* Тігін өндірісінің құзыреттілік орталығы.
Экскурсия соңында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Рамазанов Елдос Мұратұлы және Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлының қатысуымен Оқу-ағарту министрінің кеңесі өтті. Жұмыс мәжілісіне облыстың аудан, қала және колледж білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Мәжілісте жалпы типтік жүйені одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.