АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай әлемі- асыл қазына» әдеби- танымдық кеші

23.09.2019

Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек.  Тілдер мерекесі – еліміздің азаматтарының бірлігі, достықтың белгісі. Мұның барлығы да Қазақстан азаматтарының бойында патриоттық сезім қалыптастырады. Еліміздің түкпір-түкпірінде тілге арналған сан түрлі шаралар өткізіліп жататыны белгілі, олардың мақсат-міндеттері де әртүрлі. Мұндай шаралардан біздің оқу орны да қалыс қалмайды.

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Жоғары техникалық колледжінде тілдер декадасының жоспарына сәйкес Тілдер мерекесіне және  биыл Абай атамызға 175 жыл толуына орай  «Абай әлемі- асыл қазына» әдеби- танымдық кеш болып өтті. Мерекені ұйымдастырған  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Б.С. Есентурова және  С.Ж.Сейлбекова. Іс- шараға түрлі мамандықтар бойынша 1- курс студенттері қатыстырылды. Кештің өткізілу мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын колледжішілік әдеби-  танымдық кеш арқылы насихаттау. Білім алушылардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлы Абайды құрметтеу, сол арқылы білім алушының бойына мақтаныш сезімін тудыру. Жаңа қабылданған білім алушыларды колледждің тыныс тіршілігіне жақын араластыру. Кеш қазақ биімен ашылды. Маңызы зор шарада қазақ, орыс тілдерінде түрлі концерттік номерлер ерекше көрініс тапты. Кеште студенттер ән, биден ерекшеліктерін көрсетіп, актерлік шеберліктерін танытты. Студенттер Абай Құнанбаев  шығармаларынан  мәнерлеп оқыды. Ахметқұл Ақбота «Ұлы Абайға арнау» өлеңін асқан тебіреніспен орындады. Өзге ұлт өкілі Домбровский Олегтің Ұлы Абайдың шығармалары  туралы әзірлеген баяндамасы әсерлі болды. Сонымен қатар, Солдат Азамат, Имаммади Ерсін, «Абай жолы» романынан үзіндіні үлкен тебіреніспен, актерлік шеберлікпен орындады. Танымдық кеш соңының қорытындысы бойынша оқытушы Б. Есентурова қатысушыларға Қазақстанда мемлекеттік тіл саясатына ерекше көңіл бөлініп отырғандығын баса айтты. «Біз барлық қазақстандықтардың бірлігін сақтайтын қазақ тілінің болашағына мән беріп, оны қастерлеу жастардың қолында екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, Абай атамыздың 175 жылдығының аталып өтілуі жайлы  мәліметтер беріп, Абайдың қазақтың бас ақыны екенін мақтан тұтатынымызды  атап көрсете отырып, қатысушыларға өз алғысын  білдірді.

Автор: Есентурова Б.

            Сейлбекова С.

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст