Текст
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған есірткіге қарсы айлық аясында Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде квест-ойыны өткізілді. Студенттерді салауатты өмір салтына ынталандыру – колледж студенттері арасында өткен ойын квестінің басты міндеті болды. Жастар сайысқа белсене қатысып, жылдамдық пен логикаға байланысты тапсырмалар орындады. Ойынның басты мақсаты – "Біз есірткіге қарсымыз" ұраны болды.
Ойын барысында студенттер командалық рух, тапқырлықтарын таныта білді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар - құқық пәнінің оқытушылары Рахимжанов А., Дәмежан Қали.