17.06.2022
Ағымдағы жылдың 16 мамыр мен 3 маусым аралығында Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбындағы «Талап» КЕАҚ ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының 3 легі аяқталды.
К-ЖТК өндірістік оқыту шеберлері К.М.Кабдулов, О.О.Хамзин, В.В.Водницкий, Л.А.Гапоненко, Б.Б.Жетпибаева, М.Г.Дрезов, Өміржан Разбек, А.Н.Садуова, М.К.Тоқсанбаев 72 сағаттық курсты сәтті аяқтап, бейіні бойынша кәсіпорындарда 36 сағаттық тағылымдамадан өтті.
Штаттан тыс тренерлер Л.Е.Сбитнева мен А.М.Хасеноваға алғыс айтамыз. Педагогтардың курстық дайындығы іс-әрекетке негізделген тәсіл негізінде құрылды, оның әдістері тыңдаушыларды практикалық қызметке енуге мүмкіндік берді.