Дербес компьютер туралы осыдан ширек ғасыр бұрын біз тек армандай алдық , алайда қазір технологиялық прогресс жер бетінде өмір сүріп жатқан әрбір адамның өміріне енді. Қазір әрбір үй мен кеңседе бар компьютерлер туралы айтпағанда, сәнді гаджеттер мен ноутбуктерсіз өмірді елестету мүмкін емес. Жұмыс, қарым-қатынас, жеке өмір және хобби - осының бәрі компьютерде сақталады. Ақпараттық технология мамандары өз мерекесін 22 сәуір күні атап өтті. Алайда, өткен ғасырдың соңында, атап айтқанда 1996 жылы "Компьютер" баспа үйін құрушы және журналисі Дмитрий Мендрелюк жылдың 256-шы күнінде бағдарламашы күнін атап өтуге ұсыныс жасады. Бұл мамандық сұранысқа ие болған қазіргі кезде, компьтерден аздап түсінігі бар адамдар да өздерін компьютершілер деп атай бастады. Сондықтан аталған мереке кең көлемде бүкіл әлемде аталып өтілуде. Сонымен, бағдарламашы күнін мерекелеу қарсаңында тақырыптық семинарлар ұйымдастырылады, жаңа технологиялар немесе жұмыс әдістері туралы айтатын өз ісінің мамандары шақырылады. 11 қыркүйек күні Кусманова Куаныш Мерекеевна "Лабиринт" және "Сумо" тапсырмаларына роботтарды құрастыру" тақырыбына тәжірибелік сабақ өткізді. Мақсаты:
- студенттердің техникалық шығармашылыққа, робототехникаға деген ынтасын арттыру және робототехниканы көпшілікке тарату;
- алынған білімді меңгеру, студенттердің зерттеу қабілеттерін дамыту;
- студенттердің ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу, студенттердің зейінділігін, жадысын, ұсақ моторикасын дамыту, тапсырмада негізгісін ерекшелеуді дамыту, жұмыста ұқыптылыққа баулу, ұжымдық жұмыс дағдыларын дамыту, бәсекелестік жағдайында өзара көмек көрсету және қолдау көрсету. Топ "Трансформерлер" және "Биороботы" деген екі топқа бөлінді.Бұл сабақтың мақсаты LEGO mindstorms конструкторының әртүрлі бөлшектерінің көмегімен роботтарды жинау. Одан кейін өткен материал бойынша ең көп таралған міндеттердің базалық шешімдерін пайдалана отырып, оларды белгілі бір міндеттерге бағдарламалау. Сабақта "LEGO Mindstorms EV3"конструкторларының жиынтығы қолданылды. Балалар өздерінің болашақ мамандығына қызығушылық танытты.