Білім беру процесінде студенттерді психологиялық алдын алу мен қолдауда тренинг-дәрісі тиімді әдістердің бірі саналады. Әсіресе, жаңа ортаға дағдыланып жатқан бірінші курс студенттері үшін маңызды болмақ. Тренинг мақсаты: достық қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылту, топ ішінде жағымды ахуал орнату, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу болып табылады.
Колледжде білім алып жатқан бірінші курс студенттері арасынан ИС-21-1 тобы ауызбіршілігі мол, ұйымшылдығымен ерекшеленеді. Әрбір тренинг-дәріс барысында студенттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасында, ең бірінші байқалатын қасиет – бұл олардың өмірге шынайы көзқараспен қарап, оны сүйе білуінде. Адамдармен қарым-қатынаста жүздерінен ешбір жасандылықсыз, шынайы адалдықты аңғаруға болады. Топ мүшелерінің бір-біріне сыйластықпен қарап, достықты қадірлей алатын қасиеттері үнемі сүйсіндіреді.
ИС-21-1тобының студенттеріне болашақта өз ісінің шебері болып, еліміздің дамуында үлесін тигізетін маман болуларына тілектеспін!
Педагог - психолог Балтабекқызы Мадина