Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің оқытушылары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 60 жылдығына арналған "Шоқан оқулары-26: Аймақпен өзара әрекеттесу мәнмәтініндегі Қазақстан ғылымының даму векторлары" атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға қатысты.
Конференция бірнеше секциялардан тұрды: «Білім беру» бөлімінде Г.Қ.Азанованың «Білім беру процесіндегі жаңа инновациялық технологиялардың маңызы», Ж.С.Даулетованың «Оқу материалын табысты меңгеруде ағылшын тілі сабағында қолданылатын инновациялық технологиялар», А.А.Төлепованың «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында интерактивті оқыту әдістерін қолдану» мақаласы жарияланса, «Инжиниринг және технологиялар» бөлімінде арнайы пәндер оқытушысы Н.К. Оспанованың «Білімді тексеру үшін Ms Visual Studio C# тестін құру» мақаласы жарық көрді.
Колледж әдіскері Азанова Г.К.