Бүгін, 2022 жылғы 6 маусымда сағат 15.00-де Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің және колледжге қосылған «Бозайғыр ауылы, колледж-мектеп-интернаты» (Ақмола облысы әкімдігінің 30.05.2022ж. № А-5/249 қаулысы) ИПҚ жаңа құрамындағы алғашқы педагогикалық кеңесі өткізілді.
Педагогикалық кеңес оффлайн / онлайн форматта өтті.
Колледж басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызы жаңа құрамдағы ұжымды ТжКБ жүйесін дамытудың 2022 жылға арналған негізгі бағыттарымен таныстырып, оқу жылын табысты аяқтауға, оқытудың инновациялық нысандарын енгізу арқылы біліктілікті арттыруда өз мүмкіндіктерін кеңейте түсуге тілектестігін білдірді.
Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:
1. Кәсіптік бағдар беру жұмысы. Мемлекеттік тапсырыстың болжамды орындалуы. Қабылдау комиссиясын ұйымдастыру
(Ибраев Б. К., кәсіптік бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі);
2. Кадрларды даярлау сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі туралы. Оқу-өндірістік орталықтарында, шеберханаларда, әлеуметтік серіктестер базасында өндірістік оқытуды ұйымдастыру (Н.Е.Ибраев, басшының КО жөніндегі орынбасары, В.В. Гапеев, басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары);
3. WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан өткізуді ұйымдастыру (Гапеев В. В., басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары);
4. Арнайы пәндер оқытушыларының білім беру үдерісін жетілдіруі (Магавина А.Ш., басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары);
5.Кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету, жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының нәтижелері. ЖБП рейтингі, ішкі құжаттаманы жүргізу жөніндегі нормативтік қағидаларды орындамау (С.К. Негметова, басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары );
6.Техникалық және кәсіптік білім беру ББ тізіліміне білім беру бағдарламаларын орналастыру (Қалиева Г.Ж., басшының ОӘБ жөніндегі орынбасары);
7.Инновациялық қызмет арқылы сапалы өсуді, біліктілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету. (Кожахметова Д.У., басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары)